<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Құдайым, мен күнәкар пақырыңмын,
 Көптігін мойындаған айыбының.
 Жүрегім соттап, жаным жай таппайды.
 // Толқында аударылған қайығыңмың. //

[V2]
 Сұмдықтан, азғындықтан арылмадым.
 Барады күннен - күнге қажып жаным.
 Арылтшы мені Өзің Тәңір Ием.
 // Өзіңе Иса арқылы жалынамын. //

[V3]
 Мен үшін қанын төккен қасиетті.
 Орындап Таураттағы өсиетті.
 Рахмет Сол Ұлыңа Құдай Әке,
 // Сыйлаған еш ақысыз мәңгілікті. //

[V4]
 Мойнымда күнәм ауыр болса-дағы,
 Сенемін әділікті Ол сыйлады.
 Айыбын дүниенің мойнына алып,
 // Төгілді қара жерге тамшы қаны. //

[V5]
 Кешірші, кешір Тәңір, кешір Әкем.
 Өзіңнен соны ғана сұрай берем.
 Айыпсыз Иса атынан келіп тұрмын,
 // Күнәмді пәк қанменен өшір Әкем. //</lyrics>
<title>Құдайым, мен күнәкар пақырыңмын</title>
<hymn_number>102</hymn_number>
</song>